Қазақстанда сайлауға дайындық жоғары демократиялық деңгейде өтуде - ТМД Парламентаралық ассамблеясының бақылаушылары

"Сайлауға дайындық жоғары демократиялық деңгейде өтіп жатқандығын, барлық саяси партиялар бұқаралық ақпарат құралдарына бірдей қол жеткізіп отырғандығын атап өткім келеді, ал бұл Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен бұрынғы кеңестік кеңістікте сайлауға бақылау жүргізетін басқа да халықаралық құрылымдардың сын тағатын басты мәселесі", - деп мәлім етті В. Пехтин журналистерге Орталық сайлау комиссиясының басшысы Қуандық Тұрғанқұловпен өткен кездесуінен кейін.

В. Пехтиннің атап өтуінше, "мониторинг барысында бүгін атап көрсететіндей ескертулер анықталған жоқ". "Сайлау алды науқанға дайындық барысында жойылатын болымсыз ескертулер бар. Бұл өткен жылы ТМД Парламентаралық ассамблея ұсынған мониторинг институтының жұмысының бірінші нәтижесі және осындай оң қадамдар тікелей дауыс беретін күні қарбаластың аз болатындығына жетелейді",- деп санайды Мемлекеттік думаның өкілі.

"Біз ертең сайлау барысына бақылау жасауға, есептерді дайындауға және де оны баспасөз мәслихатында баяндауға дайынбыз",- деп қосты В. Пехтин.

Ол сондай-ақ, үстіміздегі жылы Ресейдің Мемлекеттік думасында да сайлау өтетіндігін еске сала кетті. "Бұл жақсылықтың белгісі, себебі біздің елдеріміз - стратегиялық әріптестер, сондай-ақ, менің пайымдауымша, әлемде болып жатқан экономикалық процесстерге посткеңестік кеңістіктен ең басты қатысушылар. Және де біздің кімді таңдайтындығымыз, қоғамдағы саяси элитаның бағыты қандай болатындығы тек біздең елдердің арасында ғана емес, жалпы дүниежүзіндегі қатынастарды одан әрі дамытуды жүзеге асыруымызға байланысты болады",- деді В. Пехтин.

"Сіздердің ертең аяқталатын сайлау науқанының тәжірибесі Ресейдегі сайлауға дайындық барысында да қолданылатындығы сөзсіз",- деп қосты ол. В. Пехтиннің пайымдауынша, біздің мемлекеттеріміздің сайлау заңнамаларында "ортақ заттар өте көп". "Негізінен - бұл ірі партиялар мен жаңа саяси күш, "бір күндік" емес маңызды саяси құрылымдар құруға жаңа екпін беретін пропорционалдық жүйе бойынша сайлау",- деп қосты ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті