"Мұндай салық төлеушілерде қандай да бір активтері болмайды. Бұл соңында банкроттық процедурасын өткізу нәтижесі бойынша қарыздарының өшірілуіне алып келеді", - деді А. Қыпшақов мемлекет бірнеше жыл қатарынан мұндай ұйымдардың банкроттығы үшін қаржы бөліп келе жатқанын еске сала отырып.
"Бұл санаттағы салық төлеушілердің жалпы санының қысқаруына қарамастан, осы секілді жаңа ұйымдардың пайда болу үрдісі белең алып отыр", - деп толықтырды ол.
"Жұмыс тәжірибесі көрсетіп отырғандай, салықтан берешегі бар салық төлеуші лауазымды тұлғалар мен құрылтайшылар тұрақты тұру үшін шетелдерге қоныс аударады. Ал салықтан қарызы бар азаматтарға қандай да бір шектеулер қазіргі заңнамамызда қарастырылмаған. Осыған байланысты салық қызметкерлері олардың елден шығып кетуіне ешқандай да шектеу қоя алмайды", - деп сөзін түйіндеді ҚР Салық комитеті төрағасының орынбасары.