Қазақстанда "Самғау" атты ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг құрылады - президент жарлығы

"Мемлекеттің тиімді ғылыми-технологиялық дамуына қолайлы жағдайлар жасау үшін Қазақстан Республикасы үкіметіне заңда белгіленген тәртіптерге сәйкес "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамын құруды қаулы етемін",- делінген жарлық мәтінінде.

Сонымен бірге құжатқа сәйкес үкіметке "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының іс-қызметінің негізгі принциптері туралы меморандумды екі аптада бекітуді қамтамасыз ету; мемлекеттік акцияларының қоржыны "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ-ның жарғылық қорын өтеуге берілетін заңды тұлғалардың тізімін бекіту; бір айдың ішінде нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу; осы жарлықтан туындайтын басқа да шараларлы қолдану міндеттелді.

Жарлықтың орындалуын қадағалау ҚР президентінің әкімшілігіне жүктелді.

Жарлық қол қойылған уақыт - 2007-жылдың 6-сәуірінен бастап күшіне енеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті