Қазақстанда “Самұрық“ және “Қазына” холдингтерін құру туралы шешім уақытын тапқан әрі батыл қадам болмақ - Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті

“Біздің пайымдауымызша, Қазақстанда “Самұрық“ және “Қазына” холдингтерін құру туралы шешім уақытын тапқан әрі батыл қадам болмақ. Өйткені, мұндай холдинг құру кейбіреулерге ұнамайды”,- деді Жан Лемьер.

Оның пікірінше, “мемлекеттік компанияларды басқару - көптеген дамыған елдер үшін де ортақ проблема болып табылады. Мемлекеттік компанияларды бизнестің тәртіптерімен басқару керек. Олар нақты мемлекеттің мүддесін көздеуге тиіс. Ал шын мәнінде көп жағдайда бұл процеске түрлі адамдардың араласатыны өздеріңізге мәлім”,- деді банк президенті.

Ж.Лемьердің пайымдауынша, мемлекеттің мүддесін ілгерілетудің ең бір тиімді тәсілі – дәл осындай мемлекеттік холдингтер құру болып табылады.