«Бізде үйлердің бір бөлігі тұрғын үй салуға арналған учаскелерде емес, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысу үшін бөлінген жер телімдеріне салынады. Және бұған заңда ешқандай шектеу жоқ», - деді ол үкіметтің сейсенбідегі отырысында.
Прокуратураның мәліметінше, қалалар маңындағы аймақтарда 46 мың жер телімі қосалқы шаруашылықпен айналысу мақсатында бөлінген. Ал, тұрғын үй салуға арналған жер телімдерінің саны 4 мыңға жетпейді.
«Қазір министрлік 2014 жылы қала маңындағы аймақтардағы жер телімдерін түгендеу бағдарламасы аясын кеңейту мәселесін қарастырып жатыр», - деп атап өтті ол.
«Инвентаризацияны қала агломерациясы шекарасына кіретін аумақтарда жүргізу қажет деп есептеймін», - деп қосты Б.Жәмішев.