Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, тек оңтүстік және оңтүстік шығыс аумақтарда ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖМ баспасөз қызметі.
Ақмола облысының жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын болады. Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында кей жерлерінде түнде және таңертен тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерде — тұман, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде — тұман, көктайғақ күтіледі.