"Біз әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың санатына ендік. Еліміздің экономикалық өсім қарқыны жылына 10 процентті құрап отыр. Шетелдік және ішкі инвестициялардың көлемі 150 млрд долларға жетті",- деді ол.
"Экономикалық табыстардың арқасында ел халқының тұрмыс сапасы да жақсарып келеді. Кең ауқымды құрылыс жұмыстарының арқасында 1 млн қазақстандық жаңа пәтерге ие болды. Жаңа мектептер мен ауруханалар, спорттық және мәдени нысандар ашылуда",- деді президент.
Н.Назарбаевтың айтуынша, "Қазақстан әлемнің жетекші елдері -Қытай, РФ, АҚШ және Еуропалық Одақ пен ислам дүйесінің елдерімен стартегиялық әріптестікті нығайтты. Қазақстан - ТМД мен Азия аумағындағы интеграциялық процестердің белсенді қатысушысы әрі бастамашысы",- деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті