Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа ережелері күшіне енді - Еңбек министрі

Еңбек министрінің айтуынша, енді шетелдік жұмыс күшін іріктеу процедурасы кезінде "жұмыскердің біліміне, жұмыс өтіліне және елімізде осындай мамандардың бар-жоқтығына назар аударылалы".

Министрліктің болжауынша, биыл 132 мың шетелдік маманды тарту межеленген.

Еске сала кетейік, Қазақстан үкіметі 2008 жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын бекітті. "Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылы еңбек ету үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу туралы" атты тиісті қаулы ресми БАҚ-тарда жарияланды.

"Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылы еңбек ету үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны республика халқының экономикалық белсенді бөлігіне шаққанда 1,60 процент көлемінде, соның ішінде : бірінші және екінші санаттар бойынша (ұйымдардың басқарушы құрамы, жоғары және орта кәсіби білікті мамандар) - 0,60 процент; үшінші санатта (кәсіби жұмысшылар) - 0,93 процент; төртінші санатта (маусымдық ауылшаруашылығы жұмыстарымен шұғылданатын жұмысшылар) - 0,07 процент болып белгіленсін", делінген қаулыда.