"2007 жылдың шілде айынан бері сыбайлас жемқорлыққа байланысты кеден органдарының лауазымды қызметкерлеріне қатысты 100 қылмыстық іс қозғалды ", - деді ол.
Д. Оспановтың айтуынша, "беті ашылған лауазымдық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жүргізілген талдау кеден органдарының қызметкерлері жасаған қылмыстардың ең жоғары үлес салмағы пара алу, қызмет бабындағы жалғандық, өкілеттілігін бас пайдастына жарату және экономикалық контрабанданы ұйымдастыруға атсалысуға тиеселі екені анықталды".
"Қазір Қазақстан Республикасы президентінің сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін кеден саласында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге қатаң шаралар қолданылуда", - деді ол. Осы орайда ол бұның "бір сәттік акция ғана емес" екенін және сыбайлас жемқорлыққа қатысы барлар қатаң жаза жүктейтінін атап өтті.