2013 жылдың шілде айында Қазақстанда туберкулезге шалдығу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайыз кеміді.
Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, шілде айында құрт ауруын жұқтырған 1068 адам тіркелді.
Жалпы, 2013 жылдың қаңтар-шілдесі аралығында туберкулезді 6776 адам жаңадан жұқтырыпты. Былтырғы жылдың бастапқы жеті айында 7288 адам болатын.
Аталған уақыт аралығында еліміз бойынша әрбір 100 мың адамға шаққанда 68,7 сырқаттан тура келді.