Қазақстанда шілденің 10-ы мен 17-сі аралығында 2 мыңнан астам мас жүргізуші қамауға алынды - ҚР ІІМ

"Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, ішкі істер органдары жол қозғалысының қауіпсіздігін күшейту бойынша шараларды қабылдауда. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің ереже талаптарын орындауына қатаң бақылау қойылған. Жолдарда жол полициясының жасақтарының саны арттырылды. Қазіргі уақытта жол полициясының 3 мыңнан астам инспекторы жолдарда кезекшілік атқаруда", - деп көрсетілген ІІМ баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.