Қауымдастық хабарламасына қарағанда, соңғы 30 жылда шиқылдақ қаздың саны жеті есе кеміген.
«Көктемде қаздар мен суда жүзетін басқа да құстарды атуға тыйым салу арқылы сиреп бара жатқан құс түрлерін сақтап қалуға көмектесуі мүмкін. Қазіргі таңда шиқылдақ қаз құрып бара жатқан құс ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген», - делінген хабарламада.
Биыл шиқылдақ қаз туралы брошюралар мен постерлер дайындалды. Қызыл кітапқа енгізілген құс туралы материалдар тұрғындар, әсіресе Қазақстанның солтүстігіндегі аңшылар мен қорықшылар арасында таратылады.
Қазақстанда аулауға рұқсат етілген ақ тұмсық қазға өте ұқсас келетін шиқылдақ қазды солтүстік өңірлерде ғана кездестіруге болады.