Қазақстанда шпрот сатуға және сырттан әкелуге тыйым салынды!


Консервіленген балықтар елімізге Латвиядан тонналап жеткізіледі. Олар бүгінгі күнге дейін дүкендерде еркін саудаланып келді. Сырттағы тауар өндірушілер біздің еліміздің  мұндай шешім қабылдап жатқанынан бейхабар болатын. Енді бас санитарлық дәрігер консерві шығаратын мекемені құлақтандырамыз деп отыр. Жалпы, Қазақстанда Ригадағы 6 балық зауытының өнімін тасымалдауға тыйым салынбақ. Мамандар  шпорттан бөлек тағы 17 азық-түліктен қауіптеніп, қазір оларды да зертханада тексеріп жатыр. Егер күдік расталса, онда Ресей мен Венгрияда жасалатын консерві өнімдерін әкелуге де қатаң тыйым салынуы мүмкін.