Қазақстанда шығарылған тауарларды мемлекеттік сатып алу тізімін ұлғайту қажет-Қаржы министрлігі

"Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу кезінде импорт үлесі ұлғаюда. Егер 2005 жылы 28 млрд теңгеге импорттық тауарлар сатып алынса, 2006 жылы оның мөлшері 19 млрд құрады. Ал өткен 2007 жылы 52 млрд теңгеге жетті, бұл өте үлкен көрсеткіш ", - деді Б.Жәмішев.

Қаржы министрінің пікірінше,"индустрия және сауда, энергетика және минералды ресурстар және экономика және бюджетті жоспарлау министрліктері бірлесе отырып, тауарлар тізімін дайындап, оларды мемлекеттік сатып алуды өткізетін кезде міндетті түрде сатып алуды жүктеу керек". Бұл тізімді үкіметтің қаулысы арқылы ұлғайтуға болады.

"Сосын, 25 %-ға дейін (қазақстан тауарларын сатып алу) міндетті түрде сатып алу нормасы қолданылып отырған заң аясында қайта қаралып, оған тиісті түзетулер енгізу арқылы ол мейлінше дамытылатын болады", - деп түсіндірді Б.Жәмішев.