Қазақстанда шығарылып жатқан көліктер КО жаңа техникалық регламентіне сай емес

2015 жылы 1-қаңтарда күшіне енетін "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" жаңа техникалық регламентінің талаптарына сай емес, деп мәлімдеді ҚР  индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Техникалық регламент күшіне енгенге дейін талапқа сай емес көліктер өндірістен алынып тасталады, не талапқа сай бөлшектермен алмастырылады. Түпкілікті шешімді экономикалық орындылығына сүйене отырып, тікелей өндіруші компаниялар қабылдайтын болады", деді баспасөз қызметінен.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев осы орайда бүгінгі күнде өндірістен ZAZ көліктерін алып тастау туралы шешім қабылданған.



ZAZ Chance көліктері "Агромашхолдинг" зауытында 2012 жылдың наурыз айынан бастап құрастырылуда.

"Азия Авто" АҚ президенті Ерік Сағымбаевтың агенттік тілшісіне айтуынша, қазақстандық рынокта сатылып отырған модельдердің басым бөлігі КО техрегламентінің талаптарына сай немесе оларды қосалқы бөлшектермен жарақтандырса жеткілікті.