Қазақстанда синоптиктер тұрақсыз ауа райы болады деп болжайды

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды, тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың тек батыс және солтүстік-батыс бөлігінде —  ауа-райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.



Алматы, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде – тұман. Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде – жаяу бұрқасын болады. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.