"Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі соңғы он жылда 3 есеге дерлік өскен, үстіміздегі жылы егін түсімі ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 22,5 млн тонна астық жиналды",- деді мемлекет басшысы.
"Қазақстан дүниежүзінде жан басына шаққандағы астық өндіруде және ұн экспорттауда бірінші орынға шықты",- деп атап көрсетті ол.
Президент, "елде азық-түліктің бекем кепілдігі құрылып жатқандығын" атап өтті. "Біз ірі азық-түлік астығын экспорттаушы болдық",- деп жалғады ол өз сөзін. Мемлекет басшысының хабарлауынша, Тәуелсіздіктің 16 жылдығына орай "ауылшаруашылығы саласы еңбеккерлерінің үлкен тобы мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды".