Қазақстанда соңғы 15 жылда суицид саны үштен бірге азайды-сарапшы

бірақ бұл мәселе әлі де өзекті болып отыр, деді Республикалық психиатрия, психотерапия және нашақорлық ғылыми-практикалық орталығының психиатр-дәрігері Сергей Скляр.

"Соңғы жылдары Қазақстанда республика халқының ішінде суицидке бару үдерісі үздіксіз төмендеп келеді.1999-2000 жылдармен салыстырар болсақ, суицид саны үштен бірге азайды", деді С.Скляр Алматыда Дүниежүзілік суицидке қарсы күрес күніне орай өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 1999–2000 жылдары Қазақстанда 100 мың адамға шаққанда ондай 30 жағдай тіркелсе, қазіргі уақытта ол көрсеткіш 20,5 құрап отыр.


"Қазақстанда бұл жастар мен қарт адамдар үшін өзекті мәселе", деді ол.