"Қазақстанда соңғы он жылда өмір ұзақтылығы 2 жылға ұлғайып, баланың дүниеге келу көрсеткіштері 1,4 есеге көбейді. Содан халық саны да 2,2 есе өсті. Бала мен ананың өлім-жітімі 1,7 есеге кеміді ", - деп атап кетті мемлекет басшысы.
"Басты басымдылықтардың бірі - адамдарды қорғау болып табылады. Біздің мақсатымыз - Қазақстандықтар дені сау ұлт болуына қол жеткізу", - деп атап өтті президент. Оның сөздері бойынша, соңғы он жылда денсаулық сақтау саласына мемлекеттік шығындар 13 есеге көтеріліп, 340 млрд теңгені құрады. 1991 жылдан бері 290 денсаулық сақтау ғимаратын жөндеуге және құрылысына 100 млрд теңге жұмсалды.
Н. Назарбаев атап өткеніндей, бүгінде Қазақтанда 2010 жылға дейін денсаулық сақтаудың дамуы және реформалау бағдарламасы іске асырылып жатыр. "Саладағы басты ұстаным бойынша, денсаулық сақтауда профилактикалық қағидаларға көшу жоспарланған. Соңғы 5 жылда бірінші бөлімдегі ұйымдарды медициналық құрал- жабдық техникасымен қамсыздандыру 3 есеге ұлғайтылды ", - деп атап кетті ол.
Мемлекет басшысы атап өткеніндей, 2007-2011 жылдар арасында 150 денсаулық нысаны салынып, ауылдарда 300 дәрігерлер тұрақты амбулаториясы салынатын болады. "Тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсету қаржы жағынан бекітілген және 2003 жылдан бастап мемлекет бұл мақсаттарға қаржыны үш есеге ұлғайтты", - деді ол.
Н. Назарбаев атап кеткеніндей, жыл басынан бері кардиологиялық қызметін дамыту бағдарламасы іске асырылуда. " Осы бағдарламалар бойынша, Астана Алматы, Павлодарда аймақтық кардиохирургиялық орталықтардың құрылысы қарастырылуда. Сондай-ақ, елдің барлық аймақтарында 13 кардиохирургиялық бөлімшелер ашылады ", - деді ол. "Таяу жылдары жүрек қан тамырларының дертіне шалдыққандарды сапалы емдеумен қамтамасыз ету керек", - деді мемлекет басшысы.