Ол Жоғарғы сотта өткен отырыста қарамағындағыларға осындай тапсырма берді.
Қ.Мәмидің айтуынша, президент әкімшілігі мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бағытындағы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы құжат негізінде Жоғарғы сот пен жергілікті соттардың жоспарлары әзірленбек.
Жиында қоғамда соттарға деген сенімді арттырып, сот жүйесіне құрмет пен жағымды қарым-қатынас орнатуға күш салу бағытында жұмыс істеу қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар төраға бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнату мәселесін де сөз етті. Ол төраға қоғамдық пікір қалыптастырудың заманауи әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып судьялар беделін көтеруді ұсынды.
«Сот жүйесінің халықаралық беделін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында халықаралық ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс істеу керек. Басты мақсат белгілі: азаматтардың бойында судьяларға деген сенімсіздікті қалыптастыратын себептерді анықтап, осы проблеманы шешу жолдарын ұсыну», - деді Қ.Мәми.