Қазақстанда сəуір айында жаңадан салынған тұрғын үйлердің бағасы 0,2% арзандады


Статистика комитетінің хабарлауынша, өткен айда қайталанба нарықтағы пəтер бағасы 0,5%, жер үй бағасы 0,4%, пəтер жалға алу құны 0,5% төмендеген.
Сəуір айында жаңа үйдің 1 шаршы метрі 225,1 мың теңгені, қайталанба нарықтағы пəтердің 1 шаршы метрі 174,4 мың теңгені, жер үйдің 1 шаршы метрінің бағасы 100,7 мың теңгені құрады.  Жалға берілетін пəтерлердің 1 шаршы метрі 1259 теңге.