Ж.Лемьер еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біршама ілгерілеушілікке қол жеткізгенін атап өтті. “Біз шикізат өндіруші саладағы ашықтық туралы бастаманы баршамыз қолдаймыз. Сонымен бірге мемлекеттік холдингтік компанияларды құру – осы бағыттағы маңызды қадам болып табылады”,- деді ол.
Дейтұрғанмен, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейте түсу қажет деп санайды. “Бұл істе жеке меншік сектор шешуші роль атқаруға тиіс. Тиімді басқарудың да маңызы зор”,- деді Ж.Лемьер.