Алқабилер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевты қос банкир Айбар Хасенов пен Жолдас Темірәлиевтің өліміне қатысы жоқ деп, толығымен ақтап жіберген. Ал арнайы қызметтің шенді офицері Вадим Кошлякті тек «адам ұрлауға қатысқан» деп, 16 ай шартты жаза кесті. Сөйтіп, «Нұрбанк ісі» бойынша басты айыпты - Рахат Әлиевтың қазасынан кейін сотқа тартылған екі сыбайлас та залдан босатылып отыр. Мұндай үкімге марқұм қаржыгерлердің жесірлері ғана емес, Вена прокуратурасы да келіскен жоқ. Алқабилердің тосын шешімі еліміздің Бас прокуратурасының да наразылығын тудырды. Қазақстан тапары жіберген Мұсаев пен Кошляктың қылмысын дәлелдейтін нақты айғақтар есепке алынбады дейді олар.
Loading...