Қазақстанда табиғи монополия салаларын қысқарту қажет - мемлекет басшысы

"Біз ірі монополистерді қайта құрылымдау және бәсекелістік қатынастарды дамыту есебінен табиғи монополиялар саласын қысқартуымыз қажет",- деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. "Бізді олар сақталып отырған секторларда салалық регуляторлардың көмегімен техникалық реттеу мен тарифтік реттеуге қатысты елеулі істер күтіп тұр",- деді президент.

"Біз біздің қаржы жүйеміздің тұрақтылығы мен бәсекеге қаблеттілігін жаңаша деңгейге көтеруге міндеттіміз",- деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті