Қазақстанда тағы бір бала қызылшадан қайтыс болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Өлім-жітіммен аяқталған жағдайға келетін болсақ: екі өлім оқиғасы тіркелді - Астанада және Шығыс Қазақстан облысында. Бұл бір жасқа дейінгі балалар, яғни екпе жасына толмаған балалар. Балалардың бірі шала туылған, патологиялар болды, оның үстіне қызылша жағдайын ауырлатты", - деді Есмағамбетова.