Теле- және радиожиіліктерді тарату жөніндегі тендерлік комиссия 2002-жылдың 12-ақпанында құрылған. Министрдің ортаға салған ақпаратына сәйкес, осы мерзімде тендерлік комиссияға 110 теле және радиокомпаниядан 220 өтініш келіп түстіпті. Комиссияның алғашқы бес отырысында Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейтін 47 компанияның іс-қызметі сарапқа салынған. Назарға ұсынылған материалдар негізінде төрт теле- және радиокомпанияның лицензиясы сот үкімімен кері қайтарып алынды. Олардың арасында Ақтөбедегі "Рифма" радиостанциясы, Макинск қаласындағы "Альфа" телекомпаниясы , Павлодардағы "Ирбис" және "ТВ 6х6" телекомпаниялары бар.
Министрдің айтуынша, өткен жылы 769 теле және радиожиілігіне байқау жарияланып, оған 32 компания қатысқан. Тендерлік комиссияның нұсқауымен 20 компания теле және радиохабарларын тарату құқығына ие болды.
Бүгінгі отырыста тендерлік комиссия - ТРК "Тандем" (Атырау), ТК "Азия +" (Павлодар), ТРК "Қоғамдық ТВ" (Қызылорда) тәрізді үш телерадиокомпанияға лицензия беру жөнінде көлік және коммуникация миинстрлігіне ұсыныс жасады.
М. Құл-Мұхаммедтің айтуынша, Рудный қаласындағы "Алау-ТВ" және "Сана" телерадиокомпанияларына хабар тарату құқығын беруден бас тартылды. Аталмыш аймақ бойынша радиожиілігі екінші мәрте байқауға салынады деді министр.
Тендерлік комиссия жұмыс істей бастағаннан бері елімізде 157 газет, 82 журнал мен 34 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары тіркеуден өтті.