Қазақстанда тағы екі жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Ұлттық экономика министрлігі мерекелер тізіміне толықтырулар енгізген. Тізімге мына күндер қосылған:

Кәсіпкерлер күні - 9 қыркүйек;

Жарнама маманы күні - 19 желтоқсан

Еске салайық, бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда жаңа мереке енгізу туралы қаулы жобасын дайындағаны хабарланған болатын. Оған сәйкес, Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болады: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні - 16 сәуір.