Қазақстанда тәлімбақта дүниеге келген төрт бүркіт еркіндікке жіберілді

Қазақстанда жыртқыш құстарды өсірумен жалғыз өзі айналысатын "Сұңқар" тәлімбағы сонда өскен бүкіттерді жабайы табиғатқа жіберу бойынша  тәжірибені аяқтады.


           «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» жобасының ұйымдастырушылары таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, 5 қыркүйекте төрт эксперименттік бүркіт еркіндікке жіберілген.
           Осылайша, Алматы облысында Алматы қаласынан 200 км жерде «Сұңқар» тәлімбағында өсіп-өнген жеті бүркіт мекен етеді.
           «8 қыркүйекте біз құстарды ұшырған жерге барып бақылау жасадық және азық қалдырдық. Олар өз бетінше өмір сүріп кеткеніне көзіміз жеткенге дейін екі-үш айдай қамқорлық етпекпіз», - дейді орнитолог Сергей Шмыгалев.
           «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» жобасы Қазақстанның жабайы табиғатында бүркіттердің көбеюін сақтау мақсатында құрылды. 2012 жылы жазда жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысында шамамен 650 жұп бүркіт қалған. Бүркіт Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бүкіл әлемде 85 мың жұп бүркіт бар.
           "Сұңқар" 1990 жылдардан бастап тәлімбақта өсірілген алуан түрлі 700-ден астам жыртқыш құсты табиғат асына ұшырды.