Қазақстанда тамыз айында күнкөріс минимумы 5,9% өсті

бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 5,9% артық.

Бұл көрсеткіш 2013 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 7,2% артты, деп хабарлады статистика жөніндегі мемлекеттік агенттіктен.

Статистиктердің мәліметтеріне қарағанда, тамызда күнкөріс минимумы көлемінің жалпы көрсеткішінде азық-түлік тауарлардың үлесі 12 мың 442 теңгені құраған, азық-түлік емес тауарлардікі және ақылы қызметтікі – 8 мың 294 теңге.

Статведомствоның дерегіне қарағанда, өткен айда күнкөріс минимумы 13 жасқа дейінгі балаларда 18 мың 675 теңгені құраған, 14-17 жастағы ұл балаларда - 25 мың 723 теңге, сол жастағы қыз балаларда – 19 мың 707 теңге, еңбекке қабілетті ер адамдарда – 24 мың 286 теңге, әйелдерде- 19 мың 270 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдарда - 19 мың 96 теңге.


Қазақстан халқының саны17,2 млн адамнан асады.