"Жол полициясының бөлімшелерінің жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібімен әлі де жұмыс істеп жатыр. 1 тамыздан бері арнаулы алдын алу шараларының барысында 243 мыңнан астам жол қозғалысының ережелерін бұзу оқиғаларының алды алынып, 10 мың 187 мас жүргізуші ұсталды", - деді Б.Қожахметов.
"Әсіресе Астана және Алматы қалалары айрықша бақылауға алынып, мұнда жол қозғалысының ережелерін бұзуға қатысты 65 мың оқиғаның беті ашылып, 1 мың 127 адамға әкімшілік тұтқындау шарасы қолданылды".