Қазақстанда танктерге ескі қозғалтқыштар орнатылып келген - ҚМА

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Қаржылық мониторинг агенттігінің ШҚО бойынша аумақтық департаменті "Семей машина жасау зауыты" АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам ұрланғанын анықтады. 

Ұрлық қосалқы бөлшектердің құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк құлаққаптарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында зауыт бас директорының бірінші орынбасары Сүлейменов танктерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына әдейі 1985-2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырған.


Семей қаласы сотының үкімімен Сулейменов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.