Қазақстанда "Ташкент-Мәскеу" пойызының жолаушысы алтын контрабандасы үшін ұсталды

Бұл туралы ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, «Жайсан» шекаралық бақылау бөлімінің шекара жасағы Ташкент – Мәскеу бағытындағы пойызды тексеру кезінде Өзбекстан азаматшасын ұстады. Оның қол жүгінен 800 грамға жуық алтын бұйымдар табылды.

Ұсталған азаматша алтын бұйымдарды Әндіжан қаласынан сатып алғанын, оны Ресейге апарып сатпақ екенін мәлімдеген.


Контрабандалық жүк тәркіленіп Ақтөбе облыстық кедендік бақылау департаментіне берілді. Қазір осы факті бойынша тексеру жүргізілуде.