ҚР Президентi Әкiмшiлiгi Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушiсi Нәзипа Шанаи мәлiм еттi.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында М. Әуезов атындағы Өнер институты «Қазақстанның сахна өнерi» атты ұжымдық монографияны шығарды. Бұл - тәуелсiздiк жылдары тұңғыш рет театр өнерiне қатысты шығып отырған ғылыми зерттеу. Туынды өте қызықты, өйткенi осы бағытта зерттеу жасап жүрген аспиранттарға, ғалымдарға өнер тарихын зерттеуге мүмкiндiк бередi», - дедi ол. Оның сөзiне қарағанда, бұл шығарма қарапайым оқырмандардың да қызығушылығын тудырады.
«Мұнда театр тарихы ғана емес, халыққа рухани азық беретiн кейбiр өнер бағыттарының қызықты тұстары да қамтылып отыр», - деп түйдi сөзiн Н.Шанаи.