"Батыс Сібірдің солтүстік аумағындағы суық антициклон оңтүстік-шығысқа ығысып, ол Сібірдің ғана емес, Қазақстанның да ауа райына әсер етеді. Осыған байланысты республикамыздың басым аумағында жауын-шашынсыз болады, бірақ ауа температурасы төмендейді",-делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, таяу күндері еліміздің солтүстігі мен шығысында күндізгі ауа температурасы —3 және +5 аралығында болса, 7 наурызда ол минус 5-13 градусқа дейін төмендейді.
"Ал оңтүстік-шығыс пен орталықта алдағы екі тәулік бойы ауа температурасы көтеріліп, 7 наурыздан төмендей бастайды", — деп көрсетілген хабарламада.
Ал еліміздің оңтүстігіне Ираннан келген жылы ауа массалары ығысып, ауа температурасы мамыр айындағы көрсеткіштерге дейін жетеді. Тек батыс өңірге атмосфералық фронттар ықпал етіп, ауа райы жауын-шашынды, алабұлтты болып, тұман түседі деген болжам бар.