Қазақстанда таяу уақытта девальвация болмайды

«Ертең, бүрсігүні теңге құнсызданады деген алып-қашпа сөздерге байланысты менде еш мәлімет жоқ. Девальвация көзделіп отырмағанын айтамын», деп ол бүгін қысқаша баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Е.Досаев мәлімдегендей, қазіргі кезде Ұлттық банк ресей рублінің жағдайы қалай болатынына қарай түсіну үшін үкіметпен бірге алдын ала шаралар бойынша қажетті жұмыстар атқаруда.

«Біз Ресей экономикасында жағдайдың өрбуін мұқият бақылайтынымызды тағы бір рет айтқым келеді», - дейді министр.