Қазақстанда тек мамыр айында су айдындарына 39 адам батып кеткен - Төтенше жағдайлар министрлігі

"Суға шомылу маусымы әлі басталмаса да, республиканың су қоймаларында тек мамыр айында 39 адам батып өлген", - деді С. Мұратбекова.

Бұл ретте ол жыл басынан бері республика аумағында суда 59 қайғылы оқиға болған. Оның салдарынан 69 адам суға батып кеткен. Оның ішінде балалар да бар. "Бүгінгі таңда Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының су нысандарында қайғылы оқиғалар көбірек болған", - деп хабарлады ҚР ТЖМ өкілі.

"Балалар қазасы ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Көбінесе суда қарапайым ережелерді сақтамау және үлкендер тарапынан өз балаларын жеткілікті мөлшерде бақыламау қасіретке ұрындырады", - деді С. Мұратбекова.

"Қайғылы оқиғаларға және адамдардың тоғандарда қайтыс болуына жол бермеу мақсатында атқару органдарының өзен-көлдердегі қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау және жұмыстарының тиімділігін арттыруы үшін республика суқоймаларындағы адамдардың өмірін қорғау бойынша қалыптасқан шиеленіскен жағдай жөнінде министрлік облыс пен қала әкімдеріне хат жолдады", - деп түсіндірді ол.

Атап айтқанда, халықтың жаппай демалатын жерлерін толық көлемде тіркеу және бақылауға алуға ерекше назар аудару, абаттандыру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жағажайлар мен шомылатын жерлерді тізімдеуді ұйымдастыру, ведомстволық және қоғамдық құтқару постыларынсыз, дайындықтан өткен құтқарушыларсыз рұқсат етілмеген демалыс орындарының ашылуына тыйым салу қажет", - деп сөзін қорытты С. Мұратбекова.