Қазақстанда телеарналар мен радиоларда хабар тарату 17:00-ке дейін тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«31.01.2018 жылы сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласының уақытымен) «Қазтелерадио» АҚ-ның жерсеріктік, эфирлік телерадио хабарларын тарату және деректерді беру желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп жазылған «Қазтелерадио» хабарламасында.
Қазіргі кезде телеарналарда баптау кестесі көрсетілуде, ал радио тоқтатылды.