Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды тоқтатты

"Қазтелерадио" компаниясының баспасөз қызметі профилактикалық жұмыстың жүргізілетіні туралы хабарлады.

Бүгін 16 қаңтарда Астана уақыты бойынша 03:00-тен 17:00-ке дейін жоспарлы профилактикалық жұмыс пен эфирлік цифрлы, аналогты телехабар тарату мен радио хабар тарату желісіндегі құрылғыны қорытынды өлшеу жүргізіледі. 

Компания сайтында жарияланған кесте бойынша, профилактикалық жұмыс 2019 жылы сәуір, шілде және қазан айларында да болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың жазында 88 танымал шетелдік телеарналар Қазақстанда хабар таратуды тоқтатқаны белгілі болды. Былтыр шілдеден бастап олар елімізде өкілдіктерін ашуға тиіс болатын, осы заңнаманы бұзғандықтан, ақпарат және коммуникациялар министрлігі бұл арналардың Қазақстанда хабар таратуына тыйым салды.