Қазақстанда терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бекітілді

 Президент Нұрсұлтан Назарбаев діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті.


           Мемлекет басшысы қыркүйектің 24-інде қол қойған жарлық ресми баспасөздің сәрсенбідегі санында жарияланды.
           Н.Назарбаев үкіметке бір ай ішінде президент әкімшілігімен келісе отырып, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жоспарын әзірлеп, бекітуді тапсырды.
           Орталық және жергілікті атқару органдары, сондай-ақ тікелей президентке бағынатын мемлекеттік органдар аталған бағдарламаны жүзеге асыру шараларын қабылдауы тиіс.
           Жарлықтың орындалу барысын мемлекет басшысы әкімшілігі қадағалайды. Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енді.