Қазақстанда тіліне қарай азаматтардың құқығы тапталмауы керек - президент

"Партия жұмысының басты бағыттарының бірі тіл саясатының тепе-теңдігін іске асыру болып табылады", - деді Н. Назарбаев. "Азаматтардың құқығы сөйлейтін тіліне байланысты тапталмауы керек", - деп атап өтті ол.

Мемлекет басшысы атап өткеніндей, "қазақ тілі мемлекетік тіл ретінде бәрін біріктіріп, Қазақстан қоғамының топтасу белгісі болуы керек". "Бәсекелестікке қабілетті мықты мемлекеттік тіл өзінің әлеуметтік қызметін кеңейтіп, қолданыл аясын дамыту керек", - деді ол. "Егер біз осындай жолды қолдайтын болсақ, онда біздің барлық азаматтарымыз қазақ халқына, оның мәдениеті мен тіліне шынайы құрмет-ілтипатпен қарайтын болады. Ал бұл өз кезегінде қазақ халқының ілтипатын тудырып, түрлі халықтар арасындағы сенімділікке сүйеніп жұмыс істеуіне түрткі болады", - деген пікірде президент.

Президент атап өткеніндей, бұл жерде тез арада мемлекеттік тілді енгізу жөнінде мақсат жоқ. " Мәселе олай қойылып отырған жоқ. Мәселе оның стратегиялық жоспарында, оның қарқынды жұмыс істеуінде тұр", - деп атап өтті Н. Назарбаев.

"Бұнымен қатар, біздің мемлекетте тұрып жатқан көптеген халықтар өкілдері сөйлейтін тілдердің дамуына да қолдау көрсетілуі керек", -деп атап өтті ол.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ұлтаралық келісімді нығайту жұмыстарын жалғастырудың қажеттілігін атап өтті. "Біз Қазақстанда ешкімде жоқ этникааралық келісімнің ерекші моделі құрылды деп жайбарақаттық танытпауымыз керек. Ондай әрине бізде бар, алайда бір орында тұрмай, оны одан әрі дамытуымыз керек ", - деді ол. Бұл мәселеге үнемі ерекше мән беріледі. Менің пікірімше, "Нұр Отан" партиясы ұлтаралық келісімді дамыту жөнінде өзінің жеке бағдарламасын дайындай алар еді", - деп қорытындылады президент.