Қазақстанда тіркелген шағын кәсіпорындардың үштен бір бөлігінен астамы Алматыда орналасқан

2004-жылдың алғашқы жартысында Қазақстанда заңды тұлға ретінде 138 мың шағын кәсіпорын тіркелсе, оның 48,4 мыңы Алматыда орналасқан. Шағын кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің жалпы саны 494,1 мың адам болса, олардың 123,2 мыңы Алматыда тұрады.

Статистика мамандарының пікірінше, кәсіпкерлік белсенділіктің осыншама шоғырлануы, бірінші кезекте, қала тұрғындарының санына байланысты . Тағы бір жанама себебі, қызмет түрлерін тұтынудың жоғары дамыған мәдениеті мен Алматыда жылжымайтын мүлік рыногының қарқынды дамуы болмақ.
Қазақстандағы шағын бизнестің салалық дамуына жасалған талдау қорытындысы көрсеткеніндей, шағын кәсіпорындардың басым бөлігі сауда-саттық (47,3%), құрылыс (12%), өнеркәсіп (11,5%), ( өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағы 10% құрайды), жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтер рыногында (сату, сатып алу, жалға беру, айырбас, нотариалдық рәсімдеу) - (10,8%) құрылуда.
Алматыдағы шағын кәсіпорындардың құрылымдық сипаттамасын жалпы республикалық статистикалық мәліметтер айқын көрсетеді.
Жоғары кәсіпкерлік белсенділік Астана, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында байқалуда.