"Өткен жылмен салыстырғанда Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан және Астана қаласынан басқа өңірлердегі жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны айтарлықтай қысқарып отыр", - деп хабарлайды республикалық селекторлық кеңес қорытындысы бойынша жарияланған хабарламада. Кеңес барысында бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы шығарылып, ҚР президентінің ішкі саясат мәселелері жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру міндеттері белгіленді.