Қазақстанда ТМД елдерінің тауар өндірушілері арасында конкурсқа өтініштер қабылдана бастады

    деп хабарлады Қазақстан инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінен.

"Сыйақы екі жылда бір рет ТМД елдерінің ұйымдарына конкурстық негізде беріледі, бұл сыйақы өнім мен қызмет сапасы саласындағы елеулі жетістіктер үшін табыс етіледі", делінген сәрсенбіде таралған ақпаратта.

Министрліктегілер қазақстандық тауар өндірушілер біздің елді халықаралық деңгейде сапалы қызмет саласында лайықты көрсете алады, деген сенімде.

Конкурсқа қатысқысы келетіндер биылғы жылдың 1-қазанына дейін Қазақстан инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіне өтініштерін беруі шарт. Толық мағлұмат www.memst.kz сайтында берілген.