ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, Алматы қаласының Түрксіб ауданында Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналында шомылып жүріп 4 және 7 жастағы екі бала суға кетті. Олардың денелерін судан жергілікті тұрғындар шығарып алған.
Сондай-ақ, тағы да екі адам Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында суға батқан. Олардың бірі судағы құтқару қызметінің құтқарушысы болып табылады.