Қазақстанда төрт партия таратылды

Атап айтсақ, соттың 2004-жылғы 15-наурыздағы шешімімен "Қазақ елі Ұлттық бірлестігі партиясы" қоғамдық бірлестігінің мөр-таңбасы мен құрылтайшылық құжаттары қуатсыз деп танылды.

Сондай-ақ, соттың 2003-жылғы 26-маусымдағы сырттай шешімімен "Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы" қоғамдық бірлестігі таратылды. 2004-жылғы 12 және 24-наурыздағы қосымша шешімдермен партияның мөр-таңбасы мен құрылтайшылық құжаттары қуатсыз деп танылып, оны таратар алдындағы балансы бекітілді.
Соттың 2003-жылғы 4-шілдедегі шешімімен "Қазақстанның "Азамат" демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі таратылды. 2004-жылғы 15 және 23-наурыздағы қосымша шешімімен партияның мөр-таңбасы мен құрылтайшылық құжаттары қуатсыз деп танылып, "Азамат" партиясын таратар алдындағы балансы бекітілді.
Сондай-ақ, соттың 2003-жылғы 27-маусымдағы шешімімен Қазақстанның халық конгрессі партиясы таратылды. 2004-жылғы 24-наурыздағы сот шешімімен партияны таратар алдындағы балансы бекітілді.
Соттың аталмыш шешімдерімен партияларды мәжбүрлі тарату туралы мәлімет тіркеліп, салық және статистикалық мекемелер аталмыш заңды тұлғалардың өз іс-қызметін тоқтатқандығынан құлағдар етілді.