Бұл туралы бүгін Алматыда екінші күн өтіп жатқан Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдерінің апатқа ұшырау қаупін азайту ғаламдық бағдарламасы бойынша өтіп жатқан Аймақтық кеңесте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдама жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаментінің басшысы Сырым Ғаббасов мәлімдеді.
Оның айтуынша бұл орталық болашақта аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі. Сонымен қатар орталықтың күшімен жүйелі негізде трансшекаралық қауіп-қатерлерге қарсы дер кезінде шұғыл әрекет жасау жағы ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ апат қаупін азайту бойынша ортақ тәсілдемелер әзірле көзделеді.
«Қазіргі сәтте орталықты құру бойынша тиісті шаралар жасалып жатыр. Бір айта кететін жәйт, орталықтың есігі басқа елдерге ашық. Бұл аймақтық орталық халықаралық ұйымдармен белсенді түрде өзара ынтымақтасатын болады. Төтенше жағдайлар министрі бүкіл Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдерін осы орталықтың жұмысына қатысуға шақырады» - деді ол.