Автокөліктерді шығарудың жылдық жоспарлы көлемі 3 мың бірлік.
"Біз Toyota Fortuner-ді Қазақстан нарығына әкелгенімізге қуаныштымыз. Оның қазақстандық тұтынушылар талабына сәйкес келетіндігіне сенімді болғадықтан, жергілікті өндіріс үшін осы моделді таңдадық. Toyota өзінің ерекше жоғары сапалық стандарттары мен сапалы қызметі арқылы автожүргізушілердің жүрегін жаулап алды. Біз қазақстандық тұтынушылардың жаңа Fortuner-ге қанағаттанатындығына сенімдіміз ", - делінген хабарламада.
Хабарламада атап көрсетілгендей, шанақтың (кузов) құрама бөлшектерін дәнекерлеу,бояу және құрау сияқты толық циклды өндірісті дайындау процесіне Toyota компаниясы өзінің жиырма жоғары дәрежелі инженерлері мен өндіріс жөніндегі сарапшыларын қатыстырған.
Toyota Fortuner бүгінде әлемнің 115-тен астам елінде сатылады, 2005 жылы өндіріске жіберілгеннен бастап бұл моделдің 924 мың бірлігі сатылған.
"Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС 2008 жылы Қазақстан мен Қырғызстан аумағында маркетингтік, сонымен қатар Toyota және Lexus көліктерін, қосалқы бөлшектерін, аксессуарларын сату жөніндегі еншілес компания ретінде құрылды. Бүгінде Toyota және Lexus жүйесі Қазақстанда 15 дилерлік орталыққа, Бішкекте 1 дилерлік орталыққа ие.