Қазақстанда түбегейлі сот реформасын жүргізу қажет - үкіметтік емес ұйымдар

Е.Досмұхамедовтың пікірінше, Қазастандағы қазіргі сот жүйесі адам құқығын қорғау міндетін тиісті деңгейде атқара алмай отыр. Соттар сонымен бірге экономиканың нарықтық жүйесі шеңберінде жұмыс істеуге қабілетсіз екенін көрсетті. Бұл - Қазақстанда қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, соттардың "салық төлеушілердің басым бөлігі үшін түсініксіз, ашық емес жағдайда тағайындалатындығына" байланысты болса керек. Ал бұл соттарды тұрғындар тарапынан қадағалау мүмкіндігінен айырып, оларды бақылаудан тыс қалдырып отыр, деді ол.

Осыған байланысты бірқатар бейресми ұйымдардың жетекшілері, соның ішінде, "Атамекен" одағы, Ұлттық тұтынушылар лигасы, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік, Алматы қалалық мүгедектер қоғамының жетекшілері Қазақстанда сот төрешілерін сайлау үрдісі мен алқа билер сотының англо-саксондық үлгісін қолданысқа енгізу және тұтқындау құқығын соттарға беру қажет деп санайды.
Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Василий Резванның айтуына қарағанда, Қазақстандағы қолданыстағы заңнама бұл реформаны Конституцияға өзгеріс енгізбей-ақ жүзеге асыруға мүмуіндік береді. Өйткені, "Соттардың мәртебесі туралы" заңда "судьялар сайланады немесе тағайындалады" деп көрсетілген. Оның пікірінше, аталмыш реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияға өзгеріс енгізу қажет деген мәлімдемелердің негізі жоқ. Сайланбалылық үрдісін қоғамдық судьялардан бастауға болады, деді Е.Досмұхамедов.