Қазақ металлургия зауытының мартен пеші алғашқы болат құймасы партиясын 1944-жылдың 31-желтоқсанында шығарған. Осы атаулы күнге орай "Испат-Кармет"АҚ ардагерлердің кездесуін ұйымдастырды.
Кездесуде атап көрсетілгеніндей, төртінші домна пешін реконструкциядан кейін іске қосу металлургтер үшін өткен жылғы ең елеулі оқиға болды. Жаңа жыл қарсаңында дәл осы төртінші пеште алғашқы шойын алынды. Пеш күніне 5 мың тонна шойын қорыта алады. Ал бір жылда мұнда 1,8 млн. тонна шойын балқытылады.
"Испат-Кармет"АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, болат құю цехында бүгінде үздіксіз құйма шығаратын машинаны іске қосуға дайындық жұмыстары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде кәсіпорын өнімдерінің түрі артады деп күтілуде.