Фестивальде Қытай, Ресей, Жапония, Беларус, Өзбекстан және өз еліміздің белді цирк әртістері өнер көрсететін болады. Мерей тойдың салтанатына аталмыш елдердің цирк президенттері арнайы қатысады деп күтілуде.
Мерей тойлық бағдарламаның қоюшы - режиссеры - Вилен Головко. Ол цирк бағдарламасын жасаудың ең мықты режиссеры. 1975 жылы цирктің бірінші «Жер ғажайыбы» атты бағдарламасын жасаған. Бағдарлама цирк өнерінің Бүкіл Одақтық байқауында бірінші орын алған. Ал, қазақстандық цирк Кеңес Одағы кезінде 10 жыл бойы ең үздік труппа атанған.